Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ «№42 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№42 орта мектеп» КММ Алматы ауданы, Күйгенжар тұрғын алабы, Жаңатұрмыс көшесі 6/2 көшесінде орналасқан. Бүгінде мектептің миссиясы – жаңа білім мазмұны негізінде бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңартуда мұғалімдердің кәсіби қалыптасуын, оқушылардың жеке тұлғалық құзіреттілік қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасау. Мектеп құндылықтары: өз мәдениеті мен тіліне деген құрмет, үздіксіз ізденіс, өзіндік даму, шынайы қарым-қатынас, жан-жақтылық, бірін-бірі қолдау. Мектеп (көне мектеп) 1992 жылы жылы 90 орындық оқушыға арналған мектеп қолданылуға берілген, 2012 жылы жаңа ғимарат бой көтеріп, 450 орынға лайық мектеп салынып, салтанатты түрде ашылған. Мектеп аумағының көлемі – 5695,5 ш.м., спорттық алаң - 3156,9 ш.м., спорт зал – (274), АКТ зал – 1 (120 орындық), жалпы кабинеттер саны – 50, оның ішінде оқу кабинеттері - 28, кітапхана – 1, асхана 72 орындық көлемінде, медициналық қызмет кабинеті - 1, хореография кабинеті – 1, STEAM кабинеті - 1, информатика кабинеті - 1, Әкім Ысқақ атындағы кабинет – 1, қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті – 2, психолог кабинеті – 1, гидропоника кабинеттері бар. Мектеп кітапханасында жалпы кітап саны - 27824, оның ішінде көркем-әдебиеттер -1415. Мектептің материалдық техникалық базасы жылдан жылға жақсаруда.
Мектеп педагогтерінің саны – 43, оның ішінде жоғары педагогикалық білімі бар – 37 (86%), арнаулы орта педагогикалық білімі бар – 6(14%). Бастауыш сыныптарда (1-4 сыныптар) 10 мұғалім сабақ береді, мектепалды даярлық тобында 1 мұғалім жұмыс жасайды. Мұғалімдердің 73% жоғары білімді болса, орта және жоғары сыныптарда 33 мұғалім жұмыс жасайды, 100% жоғары білімді, 93% орта білім беру мазмұнын жаңарту бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткен. Мектеп тренері - 1, мектеп үйлестірушісі – 1, магистрлер – 10, магистрант – 1, билингвалды пән мұғалімдері – 3.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы - 3
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты - 2
"Үздік қазіқ тілі мұғалімі пәні- 2018" Төс белгі - 3
Мектеп әкімшілігінің қызметі мектеп педагогтарын сапалық құрамына қарай саралап, топтарға, бірлестіктерге бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Педагогтер біліктілігі
«Педагог-шебер» біліктілік санаты |
«Педагог-зерттеуші» біліктілік санаты |
«Педагог-сарапшы» біліктілік санаты |
«Педагог-модератор» біліктілік санаты |
«Педагог» біліктілік санаты |
Жоғары санат |
Бірінші санат |
Екінші санат |
- |
5(12%) |
6(14%) |
6(14%) |
18(42%) |
1(2%) |
3(7%) |
3(7%) |
Педагогикалық өтілі
3 жылға дейін |
3 тен 15 жылға дейін |
16 дан 25 жылға дейін |
25 жылдан астам |
5 |
19 |
7 |
6 |
Мұғалімдердің жас құрамы
30 жасқа толмаған |
30-дан 50 жасқа дейін |
50 жастан асқан |
Педагогикалық ұжымның орта жасы |
14 |
22 |
7 |
35-50 жас аралығы |
Мектептегі жобалар: «Оқуға құштар мектеп», «Дебат» ұйымы,«Тау тұлға», «Кадет» сыныбы, «Ақбаян» қыздар ұйымы, «Сұңқар» ұлдар ұйымы, «Бәйтерек» әкелер жобасы, «Адал ұрпақ», «Шаңырақ», «Гидропоника», Жайдарман «КТА», «Жас сарбаз», әскери-патриоттық бағыттағы КАДЕТ сыныбы
Эксперименттік кабинеттері, лабараториялары: STEAM, ГИДРОПОНИКА жобалары
Үйірмелер: Волейбол, баскетбол, еркін күрес, театр, вокал, домбыра, хореография, ағылшын тілі, робототехника, «Қазақ күресі», «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», ТВ студия.
Мектептегі қосымша білім беру бағыттары: Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы «Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы» МКҚК «ШҰҒЫЛА» комьюнити орталығы.
2021-2022 оқу жылында №42 орта мектебінде жаңа, тың жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олар: оқушыларға арналған «Атамекен» ҰКП бірлескен кәсіпкерлік мектебі. «ШЕВРОН» компаниясымен «Caravan of knowledge» корпоративтік қорының республикадағы бірінші орта мектебі болып таңдалғандықтан Шеврон компаниясының демеушілігімен заманауи STEAM білім беру кабинеті ашылды.
Деңгейлік курс оқыған мұғалімдер тізімі
№ |
Мұғалімнің аты-жөні |
Пәні
|
Деңгейі |
Біліктілікті арттырған мекеме, мерзімі |
1 |
Сулейменова Д.Ж |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
«Мұғалімнің педагогикалық қоғамда көшбасшы болуы» бірінші озат деңгей |
Қарағанды қаласы, 18.12.2013 |
2 |
Бекбаева А.Б |
Орыс тілі мен әдебиеті |
«Мұғалімнің педагогикалық қоғамда көшбасшы болуы» бірінші озат деңгей |
Астана қаласы НЗМ ПШО ПҚМК 07.11.2016ж. |
3 |
Нурпеисова М.Е |
Бастауыш сынып мұғалімі |
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» екінші негізгі деңгей |
«Өрлеу» БАҰО АҚ, Алматы қаласы 15.12.2014 |
4 |
Турсынбекова Л.Р |
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі |
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» екінші негізгі деңгей |
«Өрлеу» БАҰО АҚ, Алматы қаласы ММК |
5 |
Тасбулатова Г.Е |
Тарих пәні мұғалімі |
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» екінші негізгі деңгей |
«Өрлеу» БАҰО, Алматы қаласы |
6 |
Кулумбетова А.И |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» екінші негізгі деңгей |
«Өрлеу» БАҰО АҚ, Астана қаласы ММК НЗМ ПШО 14.05.2019 |
7 |
Шайкенова Ж.А |
Бастауыш сынып мұғалімі |
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» екінші негізгі деңгей |
НЗМ ПШО Нұр-Сұлтан, 02.11.2020ж. ММК№005746 |
8 |
Адилбаев Ж.Ш |
Денешынықтыру пәні мұғалімі |
«Тиімді оқыту» үшінші базалық деңгей |
«Өрлеу» БАҰО, |
9 |
Блялова Ш. |
Химия пәні |
«Тиімді оқыту» үшінші базалық деңгей |
«Өрлеу» БАҰО АҚ, Астана қаласы, 29.06.2015 |
10 |
Смаилова Г.А |
Математика |
«Тиімді оқыту» үшінші базалық деңгей |
Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана қаласы 19.05.2014 |
11 |
Разакова А.К |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
«Тиімді оқыту» үшінші базалық деңгей |
«Өрлеу» БАҰО АҚ Астана қаласы16.04.2016 |
12
|
Акшалова Б.С |
Бастауыш сынып |
«Тиімді оқыту» үшінші базалық деңгей |
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы 12.05.2015 |
ЖАЛПЫ: «Мұғалімнің педагогикалық қоғамда көшбасшы болуы» бірінші озат деңгей -2 «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» екінші негізгі деңгей – 5 «Тиімді оқыту» үшінші базалық деңгей - 5
|
Авторлық жобалары қала, республика
көлемінде таратылған мұғалімдер тізімі
№ |
Мұғалімнің аты-жөні |
Жоба тақырыбы
|
Қайда таратылды? |
1 |
Абуова Меруерт Абитаевна |
«Мәшһүртану» /7-9 сынып/ |
Республика 2020-2021ж |
2 |
Адилбаев Жасулан Шынгисович |
«Бес табан және бес асық ойыны» |
Республика 2020-2021ж. |
3 |
Бекбаева Айгуль Батырболатовна |
«В мире русской грамматики» для 6 классов |
Қала 2019-2020ж. |
4 |
Касымбекова Акмаржан Акарысыовна |
«Адам анатомиясы, гигиенасы» 10-сынып |
Қала 2018-2019 ж. |
5 |
Тлекеева Газиза Токтаровна |
«Металдар химиясы» 10-сынып |
Қала 2018-2019 |
2020-2021 оқу жылында 2020-2021 оқу жылында “ДАРЫН” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫның ұйымдастыруымен "Үздік авторлық бағдарлама" республикалық байқауы короновирустық инфекцияның салдарынан ел ішіндегі шектеу шараларына байланысты және қатысушылардың жаппай жиналуын болдырмау үшін қашықтан өткізілді. Конкурстың негізгі мақсаты - пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторық тәжірибесін анықтау және тарату. Конкурсқа 435 авторлық бағдарлама ұсынылып, екінші кезеңге 302 авторлық жұмыстар талапқа сай деп өткізілді. Ұйымдастырылған конкурсқа Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№42 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің денешынықтыру пәні мұғалімі Әділбаев Жасұлан Шыңғысұлы «Бес табан және бес асық ойындары» атты тақырыптағы оқу бағдарламасымен қатысып, нәтижесінде ІІ орынды иеленді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» БАҰО АҚ ұйымдастырған республикалық цифрлы бейнесабақтар контентін дайындау байқауына мектебіміздің мұғалімдері Турсынбекова Л.Р., Смаилова Г.А., Шаяхметова Т.Қ., Сәндібекова З.Е. қатысып, қазіргі күнде сайтта бейнесабақтар бөлімінде жарияланды. Кәсіби біліктіліктерін арттыруда мұғалімдеріміз республикалық сайыстарда жүлделі орындарға ие болуда. Сонымен қатар, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Әл-Фараби атындағы «Оқушылар сарайы» ұйымдастырған «Әл-Фараби ілімдерінің педагогикадағы рөлі» республикалық ғылыми-педагогикалық конференцияға 8 сәуір күні республикалық конференцияда мектебіміздің 6 мұғалімі баяндама жасап, спикер болды. Нәтижесінде АЛҒЫС ХАТ, қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Ізденген жұмыстары жинақ болып жарыққа шығатынын ұйымдастырушылар хабарлады. «Мұғалім шеберлігі – үйрену мен ізденудің нәтижесі» тақырыбында ZOOM платформасымен ONLINE режимде әдістеме бірлестік және мұғалімдер арасында шебер сынып өткізілді.Мақсаты: іс-тәжірибемен бөлісу, өз тәжірибесін тарату. «Білім беруді жаңғырту» орталығы elordamektep.kz сайтында қазақ тілі мен әдебиеті, биология, тарих пәні мұғалімдерінің қашықтан оқыту кезінде қолданылатын бейнесабақтары жарияланды. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген «Сабақты зерттеу(Lesson Study): Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» атты ІІ ғылыми-тәжірибелік конференцияда жыл бойы жасаған зерттеу жұмыстарынан деңгейлік курс мұғалімдері постер қорғап, марапатталды. 2020-2021 оқу жылының қазан айында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Сабақты зерттеу(Lesson Study): Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» атты ІІІ ғылыми-тәжірибелік конференциясы еліміздегі жағдайға байланысты онлайн режимінде өтілді. Аталған конференцияға «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» екінші негізгі деңгей мұғалімі, мен Турсынбекова Ляйла Раушанбековна және мектеп тренері «Мұғалімнің педагогикалық қоғамда көшбасшы болуы» бірінші озат деңгей мұғалімі Бекбаева Айгуль Батырболатовна конференция спикері болып, өз тәжірибемізбен бөлістік. Сонымен қатар басқа мұғалімдермен тәжірибе алмасу мақсатында семинар мен апталық, қалалық кәсіби байқауларда, конференцияларда білікті маман ретінде қашықтан оқыту кезінде бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау, ТЕЛЕСАБАҚТАРДЫ құрастыру мен түсірілімдерге қатысу, жоғары ізденістері мен талаптарын көрсетіп келеді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тұрсынбекова Ләйла Раушанбекқызы қашықтан оқыту кезінде ұйымдастырылған республикалық ТЕЛЕСАБАҚ-2020 жобасына қатысып, 10-сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақтар «Балапан» телеарнасынан көрсетілді.
2020-2021 оқу жылын 462 оқушы білім алды, білім сапасы - 44% көрсеткішімен аяқтады.
- оқу үздіктері – 65 оқушы
- екпінділер – 118 оқушы
- үлгеретіндер – 233 оқушы
- үлгермейтін оқушылар – 0 оқушы
- сапа – 44 %;
- оқу үлгерімі – 100 %.
- «Алтын белгі» - 1
- «Үздік аттестат» - 8 (2 оқушы 11-сынып, 6 оқушы 9-сынып)
Сыныптар |
І тоқсанда |
ІІ тоқсанда |
ІІІ тоқсанда |
ІV тоқсанда |
Жылдық |
Оқу үздіктері |
Оқу озаттары |
1-4 cыныптар бойынша |
43 |
50 |
49 |
50 |
50 |
43 |
33 |
5-9 cыныптар бойынша |
26 |
33 |
35 |
37 |
38 |
16 |
70 |
10-11 cыныптар бойынша |
37 |
46 |
49 |
51 |
51 |
5 |
15 |
Жалпы |
34% |
40% |
42% |
42% |
44% |
64 |
118 |