Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 65 14 23

Мектеп тарихы



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ  «№42 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ  

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№42 орта мектеп» КММ Алматы ауданы, Күйгенжар тұрғын алабы, Жаңатұрмыс көшесі 6/2 көшесінде орналасқан. Бүгінде мектептің миссиясы – жаңа білім мазмұны негізінде бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңартуда мұғалімдердің  кәсіби қалыптасуын, оқушылардың  жеке тұлғалық құзіреттілік қабілеттерін дамытуға  қолайлы жағдай жасау. Мектеп құндылықтары: өз мәдениеті мен тіліне  деген құрмет, үздіксіз ізденіс, өзіндік даму, шынайы қарым-қатынас, жан-жақтылық, бірін-бірі қолдау.     Мектеп (көне мектеп) 1992 жылы жылы 90 орындық  оқушыға арналған мектеп қолданылуға берілген, 2012 жылы жаңа ғимарат бой көтеріп, 450 орынға лайық мектеп салынып, салтанатты түрде ашылған. Мектеп аумағының көлемі – 5695,5 ш.м., спорттық алаң - 3156,9 ш.м., спорт зал – (274), АКТ зал – 1 (120 орындық), жалпы кабинеттер саны – 50, оның ішінде оқу кабинеттері - 28, кітапхана – 1, асхана 72 орындық көлемінде, медициналық қызмет кабинеті - 1, хореография кабинеті – 1, STEAM кабинеті - 1, информатика кабинеті - 1, Әкім Ысқақ атындағы кабинет – 1, қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті – 2, психолог кабинеті – 1, гидропоника кабинеттері бар. Мектеп кітапханасында жалпы кітап саны - 27824, оның ішінде көркем-әдебиеттер -1415. Мектептің материалдық техникалық базасы  жылдан жылға жақсаруда.


 

Президент Жолдауы

Директор блогы

Choose Color