Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 65 14 23

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы


Мектебімізде «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының І маусымы өз мәресіне жетті. Маусым барысында оқушылар мектеп аумағын абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу және көгалдандыру іс-шараларына белсенді қатысты.
Жас еңбеккерлер еңбекқорлық, жауапкершілік және ұйымшылдық танытып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде мектеп аумағы көркейіп, жасыл желектерге күтім жасалды.
І маусым қорытындысында қатысушылардың еңбегі жоғары бағаланып, атқарған жұмыстары үшін жалақысы төленді және алғыс айтылды.

https://www.instagram.com/p/DZHowvUiIX7/?igsh=NjcxcjF5eTBwa2xp


Пікір жоқ
1 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 01.06.2026 в 10:55

Choose Color