Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі

+7 (7172) 65 14 23

Қазақстандағы Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында

Бүгін мектебімізде 7 мамыр — Қазақстандағы Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино өнерінің көрнекті өкілі Қуандық Қапсалаңұлы Қыстықбаевпен кездесу өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау, шығармашылық тұлғалармен тікелей байланыс орнату және тәрбиелік бағыттағы жұмыстарды дамыту.

Кездесу барысында Қуандық Қапсалаңұлы өзінің шығармашылық жолы, актерлік шеберліктің қыр-сыры, сахна мәдениеті, кино және театр саласындағы тәжірибесі туралы мазмұнды әңгіме өрбітіп, өмір жолынан мысалдар келтірді. Сонымен қатар, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, кәсіби кеңестерімен бөлісті.

Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Іс-шара мәдени-танымдық әрі тәрбиелік маңызы зор болды.#астанабілімбасқармасы #адал_азамат_астана #akimat__astana #біртұтас_тәрбие #тұлғаменкездесу
 
https://www.instagram.com/reel/DX9LHiRIXk7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Пікір жоқ
34 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 05.05.2026 в 10:48

Choose Color