Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі

+7 (7172) 65 14 23

ХАБАРЛАНДЫРУ

🔔 ХАБАРЛАНДЫРУ!
Астана қаласының әкімдігі «№42 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі 2025–2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4, 9, 11-сынып бітірушілерге қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады.
Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында енгізілген ескертулерді сақтауға шақырамыз.

🔷 Мұғалімдерге:
🔘 қандай да бір сыйлық ұсынуға;
🔘 мерекелік шараға ақша жинауға;
🔘 аниматорлар мен агенттіктерді шақыруға қатаң тыйым салынады.
🔷 Білім алушылардан:
🔘 сыныптың ішкі жөндеу жұмыстарына ақша жинауға;
🔘 қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды алу үшін ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
🔷 Оқушылардың қауіпсіздігі үшін:
🔘 автокөлік шеруіне шығуға;
🔘 ойын-сауық орталықтарында мерекелеуге;
🔘 мейрамханалар мен дәмханаларға баруға рұқсат етілмейді.
🔷 Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде:
🔘 ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға;
🔘 табиғат аясына саяхаттау үшін қаражат жинауға тыйым салынады.
🔷 Қорытынды аттестаттау барысында:
🔘 мектеп формасын сақтауға;
🔘 тәртіпті, жауапкершілікті болуға;
🔘 әрбір оқушы өз міндетін білуі қатаң ескертіледі.
🔷 Құрметті ата-аналар!
Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамауларыңызды сұраймыз.
Біз балаларға сапалы білім мен тәрбие беруді абыройлы міндет деп санаймыз.
Құрметпен,
мектеп директоры
Ахмедияров Бауыржан Әбсәлімұлы

https://www.instagram.com/p/DXwklSMCLt9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Пікір жоқ
41 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 30.04.2026 в 10:42

Choose Color