Мектебімізде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы және “Заң мен тәртіп” бағыты аясында “Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі” тақырыбында ата-аналармен кездесу жиналысы өткізілді.
Мектебімізде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы және “Заң мен тәртіп” бағыты аясында “Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі” тақырыбында ата-аналармен кездесу жиналысы өткізілді.
Мақсаты: балалардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңыздылығын ата-аналарға түсіндіру, балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
Ата-аналармен өткен жиналыста мектеп инспекторы А.А. Алходжаева “Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі” тақырыбында баяндама жасады. Ол жол-көлік, интернет, тұрмыстық қауіптер мен зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы ақпарат беріп, ата-аналарға бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, үшінші тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы таныстырылды.
Мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан ата-аналарды мектеп директоры А.Б. Ахмедияров марапаттады.#астанабілімбасқармасы #адал_азамат_астана #біртұтас_тәрбие #akimat__astana
https://www.instagram.com/reel/DXeQeXwiF-S/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
