Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 65 14 23

ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ РУХЫ

Мереке қарсаңында Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №10 көпшілік кітапханасы мен №42 жалпы орта білім беретін мектептің ұйымдасты руымен «Желтоқсан – тәуелсіздіктің рухы» атты кездесу кеші өтті


 Желтоқсан оқиғасының куәгер лері, ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан ардагерлер Әбілқайым Сайдоллаұлы, Гүлмира Дәулетбайқызы және Сағадат Бердібекқызы өздерінің естеліктерімен бөлісіп, жастарға сол бір тарихи кезеңнің қиындықтары, ел үшін төгілген тер мен қанның құ нын түсіндірді. Ал оқушылар Қайрат пен Ләззаттың монологын сахналап, Желтоқсан оқиғасына арналған өлең оқып, күй тартып, би мен ән орында ды. Кеш соңында барлық қатысушы бірігіп «Атамекен» әнін орындап, ел тәуелсіздігі үшін күрескен ерлердің рухына тағзым етті.– Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрес жолындағы маңызды кезеңнің бірі – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Бұл тек қазақстандықтардың ғана емес, бүкіл Кеңес Одағындағы халықтар дың өздерінің еркіндігін, тәуелсіздігін аңсаған күрес болды. Сондықтан осы іс-шараның басты мақсаты – жастар дың тарихқа деген қызығушылығын арттыру, Желтоқсан оқиғасының та рихи маңызын түсіндіру және ұлт тарихына деген құрметті дамыту. Өйткені тәуелсіздік – халқымыздың мыңдаған жылдар бойы арман еткен асқақ мұраты, ал сол тәуелсіздіктің мәнін білу мен бағалау – әр азаматтың парызы, – деп атап өтті №10 көпшілік кітапхананың аға кітапханашысы Әсел Омаш.


Пікір жоқ
15 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 15.12.2025 в 10:52

Choose Color