Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 65 14 23

«Ұлдан – ұлағат, қыздан – инабат» тақырыбында ата-аналармен сұхбат өткізілді

Бүгін «Ұлдан – ұлағат, қыздан – инабат» тақырыбында ата-аналармен сұхбат өткізілді.


Бүгін «Ұлдан – ұлағат, қыздан – инабат» тақырыбында ата-аналармен сұхбат өткізілді. Сұхбат барысында ұл мен қыз тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар, әдеп-инабат нормалары және отбасындағы тәрбие ерекшеліктері талқыланды.
Ата-аналар балаларының бойына жауапкершілік, үлкенді құрметтеу, кішіпейілділік, әдептілік қасиеттерін сіңіру жолдары жөнінде өз ойларымен бөлісті. Ұл бала тәрбиесінде еңбекке баулу, намысшылдық пен батылдықты дамыту маңызды екенін айтса, қыз бала тәрбиесінде инабаттылық, ұқыптылық, сыпайылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу мәселелері кеңінен сөз болды.


Пікір жоқ
16 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 21.11.2025 в 15:31

Choose Color