Хабарлама жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады. (14.04.2025 - 22.04.2025)
Кандидатқа қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары
Еңбек өтілі бар / Санаты бар;
Функционалдық міндеттері:
- Педагогикалық этика ережелерін сақтайды, білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін дамытады;
- Сабақ кестесіне сәйкес сабақ және басқа да сабақтар өткізеді, оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады;
- Белгіленген тәртіпте оқу құжаттарын жүргізеді, оқушылардың сабаққа қатысуы мен үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, журналға баға қояды;
- Оқу жылы басталғанға дейін бір рет пән бойынша орта мерзімді жоспар әзірлейді; тоқсан қорытындысы бойынша бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау қорытындысы бойынша талдау жүргізеді.; - Мекеменің жарғысын, ұжымдық шартты, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, сондай-ақ мекеменің жергілікті актілерін, мекеме әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдерін сақтайды;
- ҚР «Білім туралы» Заңында, Бала құқықтары туралы Конвенцияда қамтылған білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын сақтайды.
Байқауға (конкурсқа) қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
- Жоғары білімді. - Конкурсқа қатысушылардың біліктілік санаты (педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер) болуы тиіс.
Байқауға (конкурсқа) қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
(жалғасы ⬇️⬇️⬇️)
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- 2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген (бар болса));
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы кұжаттардың көшірмесі;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; (бар болса)
6)«Денсаулық сақтау саласындағы
есепке алу құжаттамасының
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің м.а. 2020 жылғы 30
қазандағы N°ҚР ДСМ-175/2020
бұйрығымен бекітілген нысан бойынша
денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан
анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу
сертификаты немесе педагог-сарапшы,
педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату кағидаларын бекіту
туралы» N°57 бұйрығының 11-
қосымшасына сәйкес нысан бойынша
педагогтің бос немесе уақытша бос
лауазымына кандидаттың толтырылған
бағалау парағы.Конкурс кұжаттары «Педагогтарды жұмысқа қабылдау» НОБД сайтында
https://hr-nobd.iac.kz/#/social/vacancies
сілтемесі арқылы қабылданады.
Орналасқан жері: Астана қаласы
Сарайшық ауданы
Күйгенжар тұрғын алабы,
Жаңатұрмыс көшесі 6/2.
Электронды пошта: sh_42@mail.ru,
mail@42bilim-ns.edu.kz
Байланыс телефоны: 87079900525, 87089684426, 87758191981
Пікір жоқ
40 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 14.04.2025 в 10:39