🔔 Ата-аналар назарына! 🔔
Мектеп формасы ~ бала үшін ең маңызды элемент болып табылады, себебі баланың көпшілік уақыты мектепте өтеді. "Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына сәйкес: Мектеп формасының үлгісі-классикалық, түсі қара көк болуы тиіс.
👨Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде, көк галстук. Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет.
👸Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, ақ жейде, көк галстук, тізеден төмен юбка немесе классикалық үлгіде шалбар, ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет.
⛹️♂️Спорттық киімге: ұл мен қызға ортақ қара көк түстегі спорттық костюм, ақ футболка және спорттық аяқ киім қажет. #мектепформасы2024