Оқу жылының II тоқсанынан бастап Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінде “8 минуттық оқу” атты жаңа жоба басталды.
Қолға алынған “8 минуттық оқу” жобасына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің №42 орта мектеп 7”Ә” сынып оқушылары да өздеріне қызықты болған кітаптарын оқуды бастады. Жобаның ережесіне сәйкес күнделікті әр ауысымның бірінші сабағы 8 минут көркем әдебиет кітабын оқиды. Әр мұғалім сабақ алдында оқушыларға көркем әдебиет кітабын оқуды ұсынады. Білім алушылар ұнатқан кітаптарын тікелей кітапханадан ала алады. Жобаның негізгі мақсаттары:
• оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру
• оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту
• өз ойларын еркін жеткізе білуге ықпал ету
Сынып жетекшісі: Шыңғысханұлы Қайсар
https://www.instagram.com/p/CzaVzPto5sV/