Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 65 14 23

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ


ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ
Астана қаласы әкімдігінің № 42 орта мектебінде 5 желтоқсан күні мектеп психологының ұйымдастыруымен «Зорлық зомбылықтың психолгиялық мәнісі» тақырыбында семинар тренинг өтілді.
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; баламен дұрыс тіл табысуға, балаға қысым түсірмей, зорлық – зомбылықсыз қарым – қатынас орнатуға бағыт беру, зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.
«Зорлық зомбылықтың психологиялық мәнісі» тақырыбында мини дәріс оқылды. Ата—аналар «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» тақырыбында постермен жұмыс жасап, әр топ өздеріне берілген тапсырманы қорғап, қоғамда өзекті мәселе болып отырған зорлық зомбылықтың орын алуы мен алдын алу туралы өз пікірлерін ортаға салды..
Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» екенін түсіндіре отырып, зорлық-зомбылықтың түрлері туралы кеңінен түсіндірілді.
- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;
- Психологиялық зорлық – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты бейне баянды көру арқылы, ата-аналар пікірі тыңдалды.
Ата-аналар «Аяқталмаған тезистер» атты сұрақ-жауап барысында зорлық зомбылықтың:
1.Зорлық –зомбылық –ол….
2.Физикалық зорлық –зомбылық -ол
3.Психологиялық зорлық—
4.Қорқыту –ол… сұрақтарға жауап берді.
Мектеп психологы ата-аналарға «Егер бала агрессиясыз өссін десеңіз» айдарымен кеңестер берілді.
Дүниедегі мақсаттыңда, міндеттің де ең үлкені – ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру. Сонымен В.А.Сухомлинский: «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» деген ұлағатты сөзімен тренингті қорытындылап, бүгінгі семинар тренингтен:
- Қандай әсер алдыңыздар?
- Қандай ұсыныстарыңыз бар? .. сұрақтары арқылы ата-аналардың алған әсері мен ұсыныс тілектері айтылды.
Ата-аналар мектеппен, ұстаздармен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы балаларымызды зорлық-зомбылықтан, қауіп қатерден сақтауға болатынын айтып, пікірлерімен алған әсерлерімен бөлісті.

Зорлық – зомбылық қоғам қасіреті, ал оны тоқтату әрқайсымыздың қолымызда!





Пікір жоқ
197 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 05.12.2022 в 18:04

Choose Color