Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы" МҚКК «Шұғыла» комьюнити орталығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «42 орта мектебінде» КММ ағылшын үйірмесі қазан айынан бастап жүргізіле бастады.
Мақсаты балалардың мемлекеттік тілмен қатар халықаралық тіл – ағылшын тілін меңгерту, шет тілі мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын дамыту, өзге елдің тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдеп- ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу.
Жалпы қатысушылар саны 45 оқушы. Жас ерекшеліктеріне сәйкес балалар 3 топқа бөлінді.
Ағылшын тілі үйірмесі барысында күнделікті жоспарланған бағдарлама бойынша сабақтар жүргізілді, сондай-ақ, балалар мектепішілік, қалалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Үйірменің 3 топ оқушыларымен Ғылым айлығы аясында "Happy English " тақырыбында сыныптан тыс жұмыс жүргізілді.
https://www.instagram.com/p/CcXzC6VsUHu/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
4 сыныптардың бастауышпен қоштасу салтанатты іс-шарасында 3 топ балаларымен дайындалған "Cindrella" ертегісі сахнада қойылды және балалар ағылшын тілінде ән айтып, өнерлерін көрсетті.
https://www.instagram.com/tv/CejSnX9IQA0/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Edustream білім орталығы ұйымдастырған "Linguist" олимпиадасына оқушылар белсенділікпен қатысып, тесттан жоғары балл жинап, екінші турда эссе жазудан жақсы нәтиже көрсетті. Бекболат Мәди 2 сынып, Базарбаева Арайлым, Әлкен Әлихан, Мұқатай Малика, Рахимберлин Шакир 4 сынып оқушылары 3 орынға ие болды.