🆘Құрметті, ата-аналар!
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №42 орта мектебі 2021-2022 оқу жылындағы соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі бойынша және қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында:
🛑ата-ана мен оқушы тарапынан ақша жинауға;
🛑қымбат көліктерді жалдап, соңғы қоңырауда серуендеуге;
🛑табиғатқа саяхатқа шығуға;
🛑мектепке, мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілеріне және пән мұғалімдеріне сыйлық беруге;
🛑кафеде отырыс жасауға;
🛑емтихан кезінде ақша жинап, дастархан жасауға;
қатаң тыйым салынатындығын ескертемін!
Бұл хабарлама ата-аналар комитеттерінің назарына жеткізілді.
✅Ақша жиналатын және құқықбұзушылық орын алатын фактілерді болдырмау - барлығымыздың міндетіміз!
Мектеп директоры:
Абуова Меруерт Абитаевна
Байланыс тел:
8 702 591 97 55
Пікір жоқ
125 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 09.06.2022 в 11:58