Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 65 14 23

📍АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!


📍АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
📌2022 жылдың жаз мезгілі жақындап келеді.
Соған сай терезелердің ашық тұратыны белгілі.
Көптеген ата-ана ашық терезенің балалары үшін қауіпті екенін ұмытып кетеді. Жыл сайын көптеген балалар ашық тұрған терезелерден құлап қайтыс болуда.
‼️Абай болыңыздар!
1. Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздың жанында болғаныңызбен, өз назарыңызды басқа нәрсеге аударған мезетте балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін
2. Ешқашан балаңызды қараусыз қалдырмаңыз!
3. Бала өздігінен аша алмайтындай етіп терезелерге құлыптарды орнатыңыз!
📍Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Осыған байланысты ата-аналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын сұраймыз.
🔺Баланы терезеден құлаудан калай қорғау керек?
❗Балаңыздың өмірін сақтап қалатын бірнеше ережелерді ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
1.Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Балаларды жалғыз қалдырмаңыз!
2. Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, балаларға терезеге жақын орналасқан кереует немесе басқа да жиһаздардың үстінде ойнауына рұқсат бермеңіз.
3. Ешқашан терезедегі москиттік торларға сенбеңіздер! Олар құлаудан сақтауға арналмаған, құлап бара жатқан балаларыңызды қорғай алмайды! Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Көп жағдайда балалар осы тормен бірге құлап кетеді.
4. Мүмкіндік болса, терезені (желдеткішті) төменгі жағынан емес, жоғарғы жағынан ашыңыз.
5. Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмау үшін, терезелеріңізге бекіткіштер (арнайы бекіткіш) орнатыңыз!
6. Терезеге темір торларын орнатыңыз. Темір торлар балаларды ашық терезеден құлаудан қорғайды
7. Егер сіз балаңызға терезенің алдынан бірдеңе көрсетсеңіз, оны мықтап ұстап тұрыңыз, баланың жылдам қимылына дайын болыңыз, алақаныңыз құрғақ болсын, балаңызды киімнен ұстамаңыз.
@akimat_nur_sultan
@altay_kulginov_official
@bilim_jane_gylym
@aimagam@k


Пікір жоқ
112 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 08.06.2022 в 11:57

Choose Color