Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 65 14 23

«Жазғы лагерь - 2022"


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №42 орта мектебінде 21 мамыр күні
Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайта отырып, ата-аналарды баланың «Жазғы лагерь - 2022" маусымын тиімді ұйымдастыру, бала өмірінің қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында «Құндылыққа негізделген білім беру» тақырыбында ПЕДКОНСИЛИУМ мен МЕКТЕПІШІЛІК ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ өткізілді.
Педагогикалық консилиумда әрбір ата-ана балаларының сабақ үлгерімі мен пән бойынша білім сапасымен танысты. Ата-аналар тарапынан пән мұғалімдеріне сұрақтар қойылып, әрбір ата-ананың сұрағына пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері толықтай жауап берді.
Жиналыстың екінші бөлімінде мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысының күн тәртібімен мектеп директоры Абуова Меруерт Әбітайқызы таныстырып өтті.
1. 2021-2022 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы, ҰБТ,мемлекеттік емтихан, Жазғы мектептің ұйымдастырылуы.
2. «Жазғы лагерь -2022" маусымын ұйымдастыру, өткізу, бала қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың алдын алу.
3. 2022 жыл қаңтар айынан бері мектепте қаражаттың игерілуі, қаржыландыру жоспарының орындалуы.
4. Балалардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру жағдайын жақсарту, /кибербуллинг және суицидтің алдын алу/.
5. Ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамытудағы бала тәрбиесінің отбасында алатын орны.
6. 2022-2023 оқу жылына оқушыларға бірыңғай мектеп формасын бекіту мәселелері қаралды.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Р. Тұрсынбекова 2021-2022 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы мен мемлекеттік емтихан, ҰБТ жазғы мектеп туралы толық ақпарат беріп өтті.
Тәрбие саласы бойынша “Шәкірт жетістігі – ұстаз мақтанышы” айдарымен қалалық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары болған мектеп мақтаныштарының жетістіктері мен нәтижелері бейнебаян арқылы көрсетілді.
«Жазғы лагерь -2022" маусымын ұйымдастыру, өткізу, бала қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың алдын алу туралы ата-аналарға кеңестер берілді. Ата-аналарды топқа біріктіру арқылы «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты парызымыз!» тақырыбында әр топқа балалардың жазғы демалысындағы қауіпсіздігінің алдын алу бойынша ата-аналарға арнайы тапсырмалар берілді. Нәтижесінде ата-аналар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, біздің – басты парызымыз деп жауапкершіліктерін арттырды.
Мектеп басшысы Абуова Меруерт Әбітайқызы 2022 жыл қаңтар айынан бері мектепте қаражаттың игерілуі, қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы мәлімдеме жасады.
Балалардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру жағдайын жақсарту, /кибербуллинг және суицидтің алдын алу/ мәселесі бойынша мектеп психологы Жунусова Г.К ата-аналарға кибербуллингтің бала өміріне тигізер зардабы туралы бейне баян көрсету арқылы толық ақпарат беріп, балалардың қауіпсіздігін басты назарға алу туралы баса ескертті.
Ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамытудағы бала тәрбиесінің отбасында алатын орны туралы өз сөзінде мектеп басшысы Жаңа қазақ елі үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет ғұрпын, тілін,ділін т.б ұлттық құндылықтар аясында кеңейту – өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мақсат – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру керектігін баса айтып өтті.
Жиналыс соңында ата-аналарға кері байланыс жасау үшін арнайы сұрақтар қойылды:
6. Келесі оқу жылына қандай жобалар ұсынар едіңіз?
7. “Күнделік кz” сайтына кіріп жүрсіз бе, мүмкіндігіңіз бар ма, кері байланыс жасадыңыз ба?
8. Ата – аналарға не ұсыныс айтар едіңіз?
9. Қамқоршылық кеңесінің жұмысын жетілдіру үшін не істеу керек?
10. Ұстаздарға тілегіңіз...
1) Бірінші сұрақ бойынша ата-ана Жилкибаева Қарлығаш Тулегеновна университеттермен тығыз байланыс жасау арқылы, балалардың кәсіптік білімін жетілдіру, ғылымға бағыттау жұмыстарын жүргізу туралы өз ұсынысын ортаға салды.
Ата-ана Бодиева Назымгул, балалардың цифрлық сауатын арттыру бойынша
апталық жүктемеге информатика пәнінінің сағатын қосу туралы ұсыныс жасады.
2) “Күнделік кz” сайтына кіретіндерін, бірақ кері байланыс жасамайтындарын айтты.
3) Үшінші сұрақ бойынша Қоржынбаев Тоқтаболат атамыз, ата-аналарға тіл мәселесі туралы өзекті ой салды. Әрбір ата-ана баласын ұлттық тілде сөйлеуін, тілімізді құрметтеуін, өздерінің де ана-тілде сөйлеуін басты назарға алуын баса айтты. Қытай елінің көшіп келген жерлесіміз, Төлеуханұлы Ғалымбек өз елінің, өз ұлтының салт-дәстүр, әдет ғұрпын балаларына аманаттау үшін елге қайта оралғаны туралы әсерлі әңгімесімен бөлісті. Бала біздің болашағымыз, бала тәрбиесіне баса мән бере отырып, ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беру ісіне өз үлесімізді қосайық,- деді.
4) Қамқоршылық кеңесінің жұмысын жетілдіру үшін, мектеппен тығыз байланыста болу, мектептің тыныс-тіршілігіне белсенділік таныту, ынтымақтастықты арттыру әрбір қамқоршылық кеңес мүшелерінің басты парызым деп қабылдауы тиіс,-деді Байдалин Бауыржан Амангелдіұлы.
5) Келген ата-аналар тарапынан ұстаздарға оқу жылының аяқталуымен құттықтап, келесі жылғы еңбектерінің нәтижесін көріп, жетістіктерге жетулерін тілектерін жеткізді..

































Пікір жоқ
391 қаралды
Санаты: Мәдениет
Авторы: 42mektep
Қосылды: 21.05.2022 в 11:04

Choose Color