Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 65 14 23

ЖАРҚЫН ЖОБА – ЖАҢА БАСТАМА

Қай ұлт болса да оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені ұлттық құндылықтары арқылы  болашақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады.


Қазіргі мектептерде ұлттық тәрбие беру мәселесі өз шешімін тауып, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, еңбекқор, басқа да ізгі қасиеттерімен адамды қалыптастыру мақсаты көзделу қажет.
Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықты сезіндіру, ұлттық дәстүр, салт-санамен таныстыру мақсатында 2021-2022 оқу жылының 3-тоқсанынан бастап мектебімізде «Дала заңы» жобасы енгізілді. Жоба авторы «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК әдіскері Әмірғалиева Дайра Қайнемқызының бастамасымен оқу-тәрбие үрдісіне енгізіліп, жобаның басым бағыттары бойынша жауапты пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері бекітілді. Негізгі мақсат – халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық өнерін, дәстүрлерін ескере отырып, оларды оқушылардың бойына дарыту арқылы ұлттық мінез-құлық қасиетін қалыптастыру.
PS: «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕ НЕГІЗІ»











Пікір жоқ
400 қаралды
Санаты: Мәдениет
Авторы: 42mektep
Қосылды: 07.02.2022 в 09:49

Choose Color