Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі

+7 (7172) 65 14 23

Білікті ұстаз – бүгінгі заманның талабы.

Мұғалімнің тұлғалық өсуі – біліктілікті жетілдіру арқылы іске асатын үдеріс. Өзінің шығармашылығы мен біліктілігін үнемі көтеріп отыратын жаңалыққа жақын жаңашыл ұстаз ғана қоғамда жоғары мәртебе иесі бола алатыны белгілі. Кәсіби білігі мен білімі жоғары әрбір ұстаз өскелең ұрпақты қоғамның болашақ білімді азаматы етіп тәрбиелеуде өз біліктілігін үнемі арттырып отыруы керек. Осы мақсатта қараша айының 4-і күні филология ғылымдарының магистрі, докторант, халықаралық тренер Ғалымжанов Баянғали Ғалымжанұлы «Авторлық бағдарлама және оқу әдістемелік құралдарды жасаудың әдістемесі» тақырыбында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№42 орта мектеп» КММ мұғалімдерімен семинар өткізді. Семинарда авторлық бағдарлама, көмекші оқу құралы, көмекші оқу- әдістемелік құралы, жұмыс дәптері, қысқаша әдістемелік нұсқау, аннотация, түсінік хат жазудың жолдары туралы көптеген кеңестер, бағыт-бағдар берген білікті тренерге айтар алғысымыз шексіз. Ізденіс жолында жүрген ұстаздарымыз семинар барысында түрлі сұрақтардың жауабын алып, қызығушылықтары артты.
Мектеп – барлық өркениеттің ошағы десек, мұғалімдер – мектептің шырағы. Ал, әрбір шырақ жарық болуы үшін ізденімпаз ұстаздың алар асуы мен біршама бағындырған белестері болуы керек. Білім шыңына шығып, еліміздің келешек тұтқасын ұстар ұрпақтың білімді де білікті болуына аянбай еңбек ету – біздің ұстаздарымыздың басты миссиясы.

P.S: «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды»
К.Ушинский

Возможно, это изображение (один или несколько человек, люди стоят и в помещении)
Возможно, это изображение (один или несколько человек, люди стоят, в помещении и текст «CARAVAN KNOWLEDGE zev»)

Пікір жоқ
328 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 04.11.2021 в 21:30

Choose Color