2021 жыл қазан айының 14-і күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№42 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Шеврон компаниясының «CARAVAN OF KNOWLEDGE» Корпоративтік білім беру қорының демеушілігімен заманауи STEAM білім беру кабинеті ашылды. Жоспарлаған жұмысымыздың салтанатты түрде ашылуына Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі және орта білім беру» бөлімі бастығының орынбасары Төлектегі Сафура Сейдуәліқызы, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы білім мазмұны бөлімінің басшысы – Аманкелдиева Асыл Амангелдіқызы, бас маман – Ақмолдаева Манат Кеңесқызы келіп, жаңа жобаға жақсы тілектер айтып, сәттілік тіледі
Қазіргі заманауи мұғалім балаларды оқыта отырып, мектеп қабырғасында алған білімдері өзгермелі әлемге бейімделе алуына көмектесетініне сенімді болуы керек. Себебі, ертеңгі күнгі жұмыс орны шығармашылық пен инновацияны талап етеді. Демек, STEAM - білім беру шығармашылық амал-тәсілдерді қолдану мен сын тұрғысында ойлау сияқты ХХІ ғасырдың жасампаз дағдыларын меңгеруге көмектеседі. Бұл дағдылар барлық оқу кезеңінде кез келген пәннен үлгеру үшін қажет болады. Болжамдар бойынша STEAM сегментіндегі жұмыс орындары жұмыспен қамтудың басқа секторларымен салыстырғанда, алдағы он жылдықта екі есе қарқынмен өсуі мүмкін.
Дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстырғанда, STEAM тәсілі орта мектепте балаларды тәжірибе жасауға бағыт береді, модельдерді жобалау, музыка мен фильмдер жасау, өз идеяларын жүзеге асыратын соңғы өнімді жасап шығару болып табылады. Бұл білім беру тәсілі балаларға теория мен тәжірибелік дағдыларды тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді және жоғары оқу орнына түсуді және одан әрі оқуды жеңілдетеді.
STEAM – бұл инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі. Заманауи кабинет жасап серіктес болуға үлкен жауапкершілік жүктеп отырған @Caravan_of_knowledge қорына және оның жетекшісі Биюмбаева Зарина Мұсақызына , Шеврон компаниясының өкілі Айтмуханова Лейла ханымға алғыс айта отырып, серіктес мектептер ретінде бізді таңдап, бірге жұмыс жасауға сенім білдіріп отырғаны үшін алғысымызды білдіреміз.

Пікір жоқ
442 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 15.10.2021 в 09:56