Біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі заман талабына сай ақпараттық-технологиялар болып табылады. Қазіргі уақытта әлемде ақпараттың қарқынды ағыны, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертіп, қоғам сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгеріп жатыр. Ақпараттық-технологияларды тиімді қолдану сандық үлгіде көрсетілген әртүрлі ақпараттың түрлерімен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№42 орта мектеп» коммуналдық мекемесінің математика, физика, информатика, химия, биология, технология пән мұғалімдері 3D басып шығарудың әдіс-тәсілдерін ғылыми негізде меңгеріп, тәжірибе түрінде деректерді жасауда біліктіліктерін арттырып жатыр. Сондай-ақ, парақ материалынан немесе сұйықтықтан, ұнтақтан тұратын қабаттар бір-біріне қосылып, түрлі пішін етіп шығарудың қыр-сырын толық меңгеруде. Біздің басты миссиямыз – үйреншікті пайымның шеңберінен шығып, инновациялық шешімдер жасап шығару, жаңа жобаны іске асыруда нәтижелі еңбек ету. Сонымен қатар, әлемдік жүйенің жаңа тренді білім беру робототехникасын дамытып, мектебіміздің оқушыларын халықаралық сайыстардың жеңімпазы ету.
Ендеше, іске сәт! Жетістіктің шығар шыңы әлі алда!
P.S: Білікті маманнан – білімді шәкірт

Пікір жоқ
296 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 15.10.2021 в 09:52