Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 24 84 05

«Ең дәмді- Наурыз көже» атты отбасылық сайыс

Астана қаласындағы №42 орта мектебінде технология пәні мұғалімі жас маман Сегизбаева Раушан Берікқызының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 17 наурыз айында ұлыстың ұлы күні Әз Наурызға арналған «Ең дәмді –Наурыз көже » атты отбасылық сайыс өткізілді. Кешке оқушылар, ұстаздар және ата-аналар қатысты.

Сайысқа 2 – 6 сынып оқушылары мен аналары қатысты.



Астана қаласындағы №42 орта мектебінде технология пәні мұғалімі жас маман Сегизбаева Раушан Берікқызының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 17 наурыз айында ұлыстың ұлы күні Әз Наурызға арналған «Ең дәмді –Наурыз көже » атты отбасылық сайыс өткізілді. Кешке оқушылар, ұстаздар және ата-аналар қатысты.

Сайысқа 2 – 6 сынып оқушылары мен аналары қатысты.

 

Жүргізуші алдымен сайыстың қатысушыларымен таныстырып өтті.

Сайысқа 4 отбасы қатысты.

Олар:

Сайыс 5 кезең бойынша өтілді:

1 - сайыс: «Сәлем сөздің -анасы»- өзін - өзі таныстыру. 2 - сайыс: «Ата мұраң - асыл қазынаң» - тапсырмалар мен сұрақ - жауап. 3 - сайыс: «Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер», қол өнер 4 - сайыс: «Ең дәмді-Наурыз көже» тақырыбындағы байқау төмендегі шарттар бойынша бағаланады:

  1. Наурыз көженің шығу тарихы туралы. (тарихи деректер мен аңыз әңгімелер).
  2. Наурыз көжеге қосылатын тағам түрлері.
  3. Наурыз көжені дәмді жасаудың әдістері.
  4. Наурыз көженің адамға беретін қуаты мен пайдасы.
  5. Наурыз көже жасайтын елдер мен халықтар.
  6. Наурыз көженің ұлт дәстүрі мен жас ұрпақ тәрбиесінда алатын орны.
  7. Байқауға қатысушы  «Наурыз көже» даярлап, алып келуі тиіс

Байқау шарттарына толымды болған«Ең дәмді- наурыз көжені» әділғазы алқалары дәмін татып көріп анықтайды.

5 - сайыс: «Ең үздік-наурыз тілек» тақырыбындағы құттықтаулар төмендегі шарттар бойынша бағаланады:

 

           Бұл сайыс өте тартысты өтті. Әділқазы алқасы 1-ші орынға Жалғасбек Эльмира мен Қайратқызы Аружанға, ал екінші орынға Жапабаева Айгүл мен Абдрахманова Дариға, үшінші орынға Құрманғалиева Бақыт және Қожабаева лайық деп шешті.. Ал, Досжанова Арайлым мен Ерболқызы Дильназ бен Мирас «Балдай қыз» номинациясына ие болды.

           «Ең дәмді –Наурыз көже» атты отбасылық сайыс кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге болары хақ. Ата бабаларымыздың ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан игі дәстүрлерін кейінгі ұрпаққа дәріптеп, ұмыт болған салт-дәстүрімізді жаңғырту ұстаз мақсаты. Бүгінгі сайысты ұйымдастырып отқан жас маман Раушан Берикқызы өзінің мақсатына толығымен жетті.


Пікір жоқ
1449 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 18.03.2014 в 11:42

Choose Color