Астана қаласы № 42 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндерінің онкүндігіне орай ,5 ақпанда ашық күні өткізілді.
Астана қаласы № 42 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндерінің онкүндігіне орай ,5 ақпанда ашық күні өткізілді. Осыған орай,қонаққа Астана Білім Басқармасының әдіскері Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызы , Жазушылар Одағының мүшесі,ақын сазгер Ерқожа Әлқожаұлы,Астана қаласы №57 орта мектеп директоры Мұканов Қасқырбай, №69 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жексембина Арай Балғабекқызы, №8 орта мектептің қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлімқұлова Ақмарал Құрманғалиқызы сонымен бірге, №57 орта мектептен 30 оқушы, №44 орта мектептен 10 оқушы,№43 орта мектеп оқушылары келді. Ашық күннің ашылуындағы алғашқы алғы сөз Астана қаласы Білім Басқармасының әдіскері Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызы және мектеп директоры Қалиев Серік Серікұлына берілді. Кеш тарих пәнінің мұғалімі Мендесбаева Гулзира Жайлаубекқызының жүргізуімен «Мұқағали мұрасы –ұрпаққа үлгі» ток-шоуымен басталды.Ток-шоудың мақсаты: келешек ұрпаққа Мұқағалидың өшпес асыл мұраларын үлгі ете отырып, ақиық ақын туралы көкейкесті мәселелерді сөзге тиек етіп,ақынның шоқтығы биік талантына деген сүйіспеншілікті арттыру. Осы орайда, ток-шоу барысында, Жазушылар Одағының мүшесі,ақын сазгер Ерқожа Әлқожаұлы Мұқағали Мақатаевтың туған жері Нарынқол өңірі Шәлкөденің тумасы екендігін айта отырып, ақын туралы көптеген естеліктерін және өз шығармашылығынан орын алған арнау өлеңдерін оқып,көпшілікке өз тебіренісін жеткізді.Сонымен қатар №57 орта мектеп директоры Муканов Қасқырбай әңгіме барысында ақын өлеңдерін оқып берді.Ток-шоу соңы Ақмарал Құрманғалиқызының орындауындағы «Қарасазым» әнімен қорытындыланды.
Келесі кезекте, көрермен назарына мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дүйсенбаева Кәмшат Әділбайқызының ұйымдастыруымен «Тау тұлғалы тарлан ақын» әдеби – сазды кеш ұсынылды.Кеш барысында, «Тау тұлғалы тарлан ақын» (Ақынның өмірі жайлы) ,«Абай және Мұқағали» «Махамбеттер, Абайлар-ай» , Ақын туралы зерттеулер туралы, «Поэзия – жүрек тілі» , «Аққудың қанатымен жазылған жыр» тақырыптарында слайдтар қорғалды. Сонымен қатар, ақын шығармашылығынан «Шеше,сен бақыттысың»,«Майгүліме»,«Туған жерге» ,«Өмір жайлы» «Поэзия», «Әке аманаты» өлеңдерін мектеп оқушылары нақышына келтіре отырып,ерекше сезіммен оқыды. Поэзия соңы ақынның төл туындысы «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы желісіндегі сахналық қойылыммен жалғасты.Қойылымға қатысқан оқушылар өз рольдерін жоғары деңгейде сомдай білді.Ана бейнесін сомдаған оқушының әртістік шеберлігінен көпшілік көздеріне жас алды. Бұл қойылымның сәтті шыққандығының айғағы болды. Койылым соңы «Есіңе мені алғайсың» «Сәби болғым келеді» «Бақытымды жырлайды» «Саржайлау» сынды әндердің шарықтауымен ұласты.Кеш соңында, ақын,сазгер Ерқожа Әлқожа және Білім Басқармасының әдіскері Күнімбала Ізтөлеуқызы кештің жас ұрпаққа берер тағылымы зор екендігін және рухани байлыққа кенелгендігін айтып,мектеп әкімшілігіне алғыстарын білдірді. Тау биіктігімен, теңіз терендігімен, дала маңғаздығымен көрікті десек, Мұқағали жанға жақын жырларымен көрікті.
Тұлғаңыз әрқашан да биік екен,
Рухыңызға басымды иіп өтем.
Жырыңызды жатқа айтып, ән салдық біз
Бүгінгі сіздің туған күніңізде
Есіміңіз мәңгі есте сақталады,
Асыл сөз, алтын жырыңыз жатталады.
Қазақтың даласының кәрі-жасы
Ақиық ақынымен мақтанады
Пікір жоқ
1099 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 14.02.2014 в 00:00