Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 65 14 23

Жаңалықтар

«Дүниежүзілік кітаптар күніне» орай

   Астана қаласы №42 орта мектебінде 23-сәуір «Дүниежүзілік кітаптар күніне» орай мектеп кітапхана ісінің меңгерушісі Тұрсынбекова Ләйла Раушанбекқызы «Кітап – біздің досымыз» атты тақырыпта 5-сынып оқушыларымен бірге 1-сынып оқушыларын кітапханаға саяхат жасау мақсатында ұйымдастырып,әдеби кеш өтті. Кештің мақсаты: Кітаптың адам өміріндегі маңызы ғылым мен білімнің пайдасы және кітапхананың мәдени-ағарту,ғылыми көмекші мекеме екендігі жайлы түсіндіру.Кітапханада кітаптарды пайдалану ережелерін сақтауды,сөздік қорын молайтып,өздігінен кітапханада жұмыс жасай білуге,кітап оқуға құмарлығын арттыру.

Толығырақ

28.04.2014 в 18:37 Пікір жоқ 1192 қаралды

12 сәуірді бүкіл адамзат ғарышкерлер күні ретінде атап өтеді.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров  1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді. Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болатын. Әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз аман болсыншы» деген ниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін беріпті. Ата-анасы ерте дүние салды. Кішкентайынан ата-анасынан айырылғаннан ба, Тоқтар бұйығы, оқшау өсті. Ол апасы Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде болды.

Толығырақ

12.04.2014 в 00:00 Пікір жоқ 1001 қаралды

Наурыз құтты болсын!

Наурыз - бұл ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы. Осы бір табиғат ана көгілдір көктемнің жып-жылы шапағатымен жайнап тұрған сәтте сіз де зор қуаныштарға бөленгейсіз! Жаныңыз күн нұрындай жарқырап, ал көңіліңіз мейірімділік пен махаббат сезімдеріне тола берсін!

Толығырақ

20.03.2014 в 00:42 Пікір жоқ 983 қаралды

«Ең дәмді- Наурыз көже» атты отбасылық сайыс

Астана қаласындағы №42 орта мектебінде технология пәні мұғалімі жас маман Сегизбаева Раушан Берікқызының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 17 наурыз айында ұлыстың ұлы күні Әз Наурызға арналған «Ең дәмді –Наурыз көже » атты отбасылық сайыс өткізілді. Кешке оқушылар, ұстаздар және ата-аналар қатысты. Сайысқа 2 – 6 сынып оқушылары мен аналары қатысты.

Толығырақ

18.03.2014 в 11:42 Пікір жоқ 1849 қаралды

«Алаштың ардақтысы» атты Мағжан оқулары қалалық байқауында

Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына арналған «Алаштың ардақтысы» атты Мағжан оқулары қалалық байқауында «Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей» номинациясы бойынша 9 Б сынып оқушысы Жүнісов   Ақжол    ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Толығырақ

12.03.2014 в 10:33 Пікір жоқ 1117 қаралды

«Алаштың ардақтысы» атты Мағжан оқулары қалалық байқауында

Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына арналған «Алаштың ардақтысы» атты Мағжан оқулары қалалық байқауында «Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей» номинациясы бойынша 9 Б сынып оқушысы Жүнісов   Ақжол    ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Толығырақ

11.03.2014 в 12:41 Пікір жоқ 1149 қаралды

«Анаға қарап қыз өсер» атты қыз сыны сайысы өтті.

Астана қаласы №42 ортра мектебінің 2 «А»-сыныбында «8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған « Анаға қарап қыз өсер» атты қыз сыны сайысы өтті. Сынып жетекшісі: Жалғасбек Эльмира Жалғасбекқызы Сыныптағы 17 қыз баланың қалаулары бойынша өз аналарымен бірігіп, бір топтың құрамында сайысуы 5 кезеңнен тұрады.

Толығырақ

10.03.2014 в 20:52 Пікір жоқ 2958 қаралды

8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне құттықтау!

Көктемнің исі көкіректі ашатын, көңілдерге қуаныш ұялататын мереке басталып кетті.     Соның бастапқысы 8-наурыз «Халықаралық әйелдер» күні. Барша арулар мен ақ жаулықты аналар жарқын күндеріміздің себепкері болсын деп шын жүректен тілек білдіреміз!

Толығырақ

06.03.2014 в 00:00 Пікір жоқ 1303 қаралды

Choose Color