Тәуелсіздік - тірлігімнің айғағы!
Тәуелсіздік – біздің ең басты құндылығымыз. Ал тәуелсіздік күні - еліміздің барлық азаматы үшін орны ерекше мереке. Әдеби кештің басында оқушылар назарына бейнетаспадан «Елім-ай» көрінісі ұсынылды. Мәжіліс залында отырған әр оқушы бейнетаспаға зер сала қарап, тарихтан танысқан ата-бабаларымыздың басынан өткерген қилы заманын еске алды. Та рихты білу – парыз. Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров «Байтұрсынов, Дулатов, Бөкейханов, Бірі – күн, бірі – жұлдыз, бірі – айым. Кешегі қара күні осылар ғой, Халық үшін шам қылған жүрек майын» - деп жырлағандай, ұлтына адал қызмет еткен Алаш арыстары қазақты қайтсек қатарға қосамыз, азаттығын алып беріп, тұғырын баянды етеміз деп жандары қалмай арпалысты. Асылдарымыздың сөздерін бойына сіңіріп өскен оқушылар Алаш арыстарының бас қосқан отырысынан әсерлі көрініс қойды.Көк туымыз көгімізде желбірей берсін. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын.
Толығырақ15.12.2015 в 00:00 Пікір жоқ 797 қаралды
"Елбасының сүйікті әндері" атты призидент күніне арналған шағармашылық кеш өтті.
Бастауыш сынып оқушыларынан 10 - сынып оқушыларына дейін Ел басының сүйікті әндерін шырқады .
Толығырақ27.11.2015 в 16:00 Пікір жоқ 789 қаралды
«Саламатты Елбасы-саламатты ұлт!» Президент күніне арналған сайыс өтті
Қарашаның 25 жұлдызы күні , бастауыш сынып жетекшілері ата - аналармен сайыс өткізді. "Әкем, шешем және мен" деген тақырыпта. Ата-аналар өте көңілді ойынға қатысты.
Толығырақ25.11.2015 в 15:00 Пікір жоқ 756 қаралды
«Жарқын болашаққа нық қадам » 2015 жылдың 14 қарашасында №2 өнер мектебінің ұйымдастыруымен Астана қаласындағы орта мектептер мен колледждердің арасында қалалық «Жарқын болашаққа нық қадам » атты жас кинорежисерлердің сайысы болып өтті. Сайысқа 42 қалалық мектептер мен колледждер қатысты. Осы сайыс №42 мектеп информатика пәнінің мұғалімі Каирбекова Б.К жетекшілігімен Мендесбаева Г.Ж -ның сценариіне жазылған мектебіміздің жас кинорежисерлері түсірген « Болашағын, бұлдырламасын жас ұрпақ » атты бейнефильмді ұсынды.Нәтижесінде Астана қаласы орта мектептері және колледждері арасында өткен қалалық «Жарқын болашаққа нық қадам » атты кинобайқауының «ҮЗДІК Сценарист» номинациясымен 11«А» сынып оқушысы Жүнісов Ақжол марапатталды.
«Жарқын болашаққа нық қадам » 2015 жылдың 14 қарашасында №2 өнер мектебінің ұйымдастыруымен Астана қаласындағы орта мектептер мен колледждердің арасында қалалық «Жарқын болашаққа нық қадам » атты жас кинорежисерлердің сайысы болып өтті. Сайысқа 42 қалалық мектептер мен колледждер қатысты. Осы сайыс №42 мектеп информатика пәнінің мұғалімі Каирбекова Б.К жетекшілігімен Мендесбаева Г.Ж -ның сценариіне жазылған мектебіміздің жас кинорежисерлері түсірген « Болашағын, бұлдырламасын жас ұрпақ » атты бейнефильмді ұсынды.Нәтижесінде Астана қаласы орта мектептері және колледждері арасында өткен қалалық «Жарқын болашаққа нық қадам » атты кинобайқауының «ҮЗДІК Сценарист» номинациясымен 11«А» сынып оқушысы Жүнісов Ақжол марапатталды.
Толығырақ14.11.2015 в 10:00 Пікір жоқ 830 қаралды
№ 42 орта мектептің 8-9 сынып оқушылары Астана қаласының Тұнғыш Президенді Музейінде «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында жүргізілген экскурсия.
Мақтасты: «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты тақырыптық экскурсияны тыңдау барысында, музейлік жинақтың мақтанышы, жоғары мемлекеттік наградалар жинағымен таныстыру. Оқушыларға Елбасымыздың өмір жолы,еңбек жолы жайлы толық мәлімет беру. Оқушылардың қызығушылығын арттыру. Елміздің патриоты болуға тәрбиелеу. Экскурсия барысы: Экскурсия екі бөлімнен: слайд-шоу көрсетілетін наградалар тарихы жайлы қысқаша дәріс және музейдің «Күміс залы» бойынша жүргізілетін экскурсиядан тұрады. Зал витриналарында Қазақстан мен басқа мемлекеттер арасында достық пен ынтымақтастықты дамытып нығайтуға қосқан зор үлесі үшін тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентіне табыс етілген мемлекеттік наградалар орналасқан.
Толығырақ20.10.2015 в 10:10 Пікір жоқ 954 қаралды
Күз Ханзадасы мен Ханшайымы
16 қазанда мектебіміздің концерт залында күндізгі сағат 12:00-де күз мерекесінің жалғасы әрі қорытынды шарасы ретінде 5-10-сыныптар аралығында «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» атты сайыс өткізілді. Сайысқа 5-10 сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Төрт кезеңнен тұратын сайыс өте тартымды да қызықты өтті. Төменгі сыныптан оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, сайыстың ажарын келтіре түсті деуге болады.
Толығырақ20.10.2015 в 10:00 Пікір жоқ 843 қаралды
2015 жылдың 19 қыркүйек күні №42 мектепте қалалық сенбілік өткізілді.
2015 жылдың 19 қыркүйек күні №42 мектепте қалалық сенбілік өткізілді. Сенбілікке 5-11 сынып оқушылары қатысты. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Айгул Айсақызы оқушыларды құттықтап, сенбілікке атсалысуға шақырды.Әр сыныпқа белгіленген аумақтар туралы айтылды. Сенбілікке қатысқан барлық оқушылар мен мұғалімдер "Біз өз ауламызды таза ұстаймыз!" деген ұранмен мектеп
Толығырақ19.10.2015 в 20:56 Пікір жоқ 812 қаралды
Қарттарым – асыл қазынам» атты тәрбие сағаттар
2015 жылдың 28 жұлдызында №42 мектете Карттар күніне арналған мектебімізде «Қарттарым – асыл қазынам» атты тәрбие сағаттары өтті. Осы күні барлық 1-11 сыныптарға қонақ ретінде ардақты әжелеріміз бен аталарымыз шақырылды.
Толығырақ19.10.2015 в 11:55 Пікір жоқ 784 қаралды
«Ұстаз ұлы – есім » атты мерекелік кеш
«Ұстаз ұлы – есім » атты мерекелік кеш 2015 жылы қазан айының 3 күні «Ұстаздар күніне» арналған «Ұстаз ұлы-есім» атты мерекелік бағдарламасы әзірленіп, мұғалімдерге арналған қарсы алу салтанаты, өзін-өзі басқару күні, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Негізгі мерекелік бағдарлама барысында мектеп директоры мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Мерекелік кеште оқушыларұстаздарына ән айтып, өлең жолдап, би биледі. Өзін-өзі басқару ұйымы ұстаздармен ойын жүргізді. Өзін-өзі басқару ұйымы және 11 сынып оқушылары осы күні мұғалімдердің орынына сабақ жүргізді. Мерекелік күнді өзін-өзі басқару ұйымы өте жоғарғы деңгейде өткізді.
Толығырақ19.10.2015 в 11:50 Пікір жоқ 797 қаралды
Білім күні 2015 жыл
Салтанатты жиын мемлекеттік туды енгізілуімен және мемлекеттік гимннің орындалуымен басталды. . Бүгінгі 1 қыркүйек – Білім күні - "Менің Отаным-Қазақстан" тақырыбына арналады. Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы, Қазақ Хандығының құрылғанына 550 жыл мерекелері білім күнін өткізудің негіздемелері болып табылады. Білім күнінің мақсаты- қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту, Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерін насихаттау, басты құндылықтар- тәуелсіздік, бейбітшілік және келісімді нығайту болып табылады. 1-11 сынып оқушыларына алғашқы білім сабақтары жалғасын тапты.
Толығырақ19.10.2015 в 10:00 Пікір жоқ 807 қаралды
