Меню KDT

logo.png?_=1678109454
Средняя общеобразовательная школа №42 города Астаны


+7 (7172) 65 14 23

Статичная страница

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына (қазіргі таңда ҚР Оқу-ағарту министрлігі) сәйкес, еліміздің барлық орта білім беру ұйымдарында бірыңғай мектеп формасын сақтау міндетті.

 

 
Мектеп формасының басты мақсаты – оқушылардың арасында әлеуметтік теңдікті қалыптастыру, сыртқы келбеттің ұқыптылығын қамтамасыз ету және оқу үдерісіне көңіл бөлуді арттыру.
 
Бұл талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген “Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар” негізінде жүзеге асады.
 
13-тармаққа
Яғни, оқушылар мектепте діни сипаттағы киімдерді (хиджаб, никаб, бурка, паранжа, сикх тюрбаны, кипа және т.б.) киюге рұқсат етілмейді. Бұл талап — мектептегі бірыңғай тәртіп пен білім беру жүйесінің зайырлы сипатта болуын қамтамасыз етеді.
 
Қыздарға арналған күнделікті мектеп формасы:
•Классикалық үлгідегі пиджак, жилет, жейде, сарафан, юбка немесе шалбар;
•Қысқы уақытта – трикотаж жилет немесе водолазка;
•Юбка ұзындығы тобықты жабуы қажет;
•Киім түсі – сабырлы және үйлесімді (ашық емес), үш түстен аспауы тиіс.
Ұлдарға арналған күнделікті мектеп формасы:
•Пиджак, жилет, классикалық үлгідегі шалбар мен жейде;
•Қысқы уақытта – трикотаж жилет немесе водолазка;
Форманың материалдары мен ерекшеліктері
•Форманың материалы – антибактериалдық, антистатикалық, гигиеналық талаптарға сай, теріге зиянсыз, табиғи маталар негізінде тігілген болуы тиіс;
Сатып алу еркіндігі және мектептің рөлі
•Мектеп формасын сатып алу – ата-аналардың міндеті;
•Ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша, кез келген сауда орындарынан немесе тігін шеберханаларынан ала алады;
Мектеп формасын сақтау – оқушының мектепке қатысты тәртіп ережелерін орындауының бір көрінісі. Бұл оқушының ұқыптылығы мен ұйымшылдығын тәрбиелеуге ықпал етеді
Құрметті ата-аналар! Сіздерден балаларыңыздың мектеп формасына қатысты талаптарды сақтауын қадағалауыңызды сұраймыз. Бұл – балаларымыздың қауіпсіз, тең және сапалы білім алуы үшін маңызды қадам.


Міндетті мектеп формасы туралы БҰЙРЫҚ

Ішкі тәртіп ережелері

Послание президента

Блог директора

Choose Color